Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының нұсқауы және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша сатып алу науқаны басталар алдында денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жыл сайын жаңарту аясында ұйымдастырылды.
20 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры рұқсат құжаттарынсыз медициналық көмек көрсету фактілерін анықтау мақсатында жеткізушілерге жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Жоспардан тыс тексеру барысында 1 394 мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымға барып, 237 нысанда (17%) келесі бұзушылықтар анықталды:
1. өндірістік базаның белгілі бір бөліміне немесе медициналық көмек түріне лицензияның қосымшаларының жоқтығы – 75 медициналық ұйым;
2. рұқсат құжаттарының болмауы – 38 медициналық ұйым;
3. бір өндірістік базада бірнеше жеткізушінің болуы – 48 медициналық ұйым;
4. медицина қызметкерлерінің сертификаттарының жоқтығы – 32 медициналық ұйым;
5. басқа себептер (мысалы, нақты бар төсек-орындар мен медициналық техника көрсетілген мәліметтермен, ақпараттық жүйелердегі, ДСБ бұйрықтарындағы деректердің сәйкес келмеуі) – 119 медициналық ұйым.
«Тексеру нәтижесінде Қор филиалдары өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін 116 хабарламаны аумақтық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаменттеріне, денсаулық сақтау басқармаларына жіберді. Қор өз тарапынан қосылу келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау үшін 61 медициналық ұйымға айыппұл тағайындады, ал 69 жеткізушіге 1.4 кодтағы «Рұқсат құжаттарынсыз (лицензия/лицензия қосымшалары, сертификаттар) медициналық көмек көрсету» ақауы қолданылып, айыппұл санкциялары салынды», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.
Сонымен қатар, қосылу келісімшартының ауқымды бұзушылықтарын жіберген сегіз медициналық ұйыммен келісімшарттарды біржақты тоқтату туралы құжаттар қаралып жатыр.
Бұдан бөлек, Қор медициналық қызметке лицензиялардың қолданылу мерзімін көрсету міндеттілігі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру және қайта ресімдеу тәртібін нақтылау мен күшейту және лицензиядан кейінгі бақылау нормаларын енгізу бойынша заңнамаға толықтырулар енгізу жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар жолдады. 2025 жылдан бастап медициналық ұйымдардың рұқсат құжаттарына сәйкестігін тексеру үшін мекемелерге барумен бірге дерекқорды жыл сайын жаңарту жүргізілетін болады.
1. өндірістік базаның белгілі бір бөліміне немесе медициналық көмек түріне лицензияның қосымшаларының жоқтығы – 75 медициналық ұйым;
2. рұқсат құжаттарының болмауы – 38 медициналық ұйым;
3. бір өндірістік базада бірнеше жеткізушінің болуы – 48 медициналық ұйым;
4. медицина қызметкерлерінің сертификаттарының жоқтығы – 32 медициналық ұйым;
5. басқа себептер (мысалы, нақты бар төсек-орындар мен медициналық техника көрсетілген мәліметтермен, ақпараттық жүйелердегі, ДСБ бұйрықтарындағы деректердің сәйкес келмеуі) – 119 медициналық ұйым.
«Тексеру нәтижесінде Қор филиалдары өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін 116 хабарламаны аумақтық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаменттеріне, денсаулық сақтау басқармаларына жіберді. Қор өз тарапынан қосылу келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау үшін 61 медициналық ұйымға айыппұл тағайындады, ал 69 жеткізушіге 1.4 кодтағы «Рұқсат құжаттарынсыз (лицензия/лицензия қосымшалары, сертификаттар) медициналық көмек көрсету» ақауы қолданылып, айыппұл санкциялары салынды», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева. Сонымен қатар, қосылу келісімшартының ауқымды бұзушылықтарын жіберген сегіз медициналық ұйыммен келісімшарттарды біржақты тоқтату туралы құжаттар қаралып жатыр.
Бұдан бөлек, Қор медициналық қызметке лицензиялардың қолданылу мерзімін көрсету міндеттілігі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру және қайта ресімдеу тәртібін нақтылау мен күшейту және лицензиядан кейінгі бақылау нормаларын енгізу бойынша заңнамаға толықтырулар енгізу жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар жолдады. 2025 жылдан бастап медициналық ұйымдардың рұқсат құжаттарына сәйкестігін тексеру үшін мекемелерге барумен бірге дерекқорды жыл сайын жаңарту жүргізілетін болады.
13.11.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



